Батыс Қазақстанда күн ысып, Солтүстік Қазақстанда үсік жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылдың 19 маусымында Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.
20 маусымда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші кей жерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.
Өскемен қаласында 20 маусымда найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші найзағай кезінде 18 м/с күтіледі.
Семей қаласында 20 маусымда найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші найзағай кезінде 18 м/с күтіледі.
20 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
20 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде 2 градус үсік күтіледі.
20 маусымда түнде Ақмола облысының кей жерінде 2 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі, - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
20 маусымда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Шымкент қаласында 20 маусымда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қаласында 20 маусымда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
20 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, шаңды дауылмен сақталады.
Қызылорда қаласында 20 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл сақталады.
20 маусымда күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерде 18 м/с күтіледі. Кей жерде 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақтау қаласында 20 маусымда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-100%.