Ауқатты қазақтандықтар қандай көліктерді сатып алады?

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы қалталы қазақстандықтардың басым бөлігі Bentley және Maybach көлігін сатып алған. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлайды.


2018 жылы еліміздегі Luxury санатындағы көліктердің саны 330-ға жеткен.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47%-ке жоғары. 
Ауқатты қазақстандықтар басым бөлігі Bentley маркасындағы көліктерді қалайды. Мұндай 140 көлік тіркелген. Оның  101-і Continental GT маркасындағы көлік, 29-ы Flying Spur седаны, 22 Bentayga.

Сонымен қатар қалталы азаматтар Mercedes-Benz Maybach S-Class көлігін ұнатады екен. Өткен жылы S560 және S500 маркалы 65 седан тіркелген. Оның 24-іне бірінші рет нөмір берілген.

Қымбат көліктердің үздік бестігін Maserati 29 бірлік (оның төрт көлігі елімізде алғаш рет тіркелген), Rolls-Royce 24 бірлік (оның бесеуі елімізде алғаш рет тіркелген) Ferrari (оның он бірі қайта тіркеуден өткен) қорытындылайды.

Сонымен қатар еліміздегі арнайы ХҚКО-да 3 Lamborghini мен 2 Aston Martin тіркеуден өткен.

Қымбат көліктердің басым бөлігі Алматыда (191 бірлік) тіркелген. Ал Астана қаласында 63 көлік, Алматы облысында 24 көлік тіркеліпті.
Дәурен ЕРБОЛАТ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы