Ауғанстандағы шахта жарылысынан 80-нен астам адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстандағы шахтада болған апат салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты. Бұл туралы Саманган провинциясы кеңесінің мүшесі Мохаммад Хашем Сарвариге сілтеме жасап, 1 TV телеарнасы хабарлады. 


Сарваридің айтуынша, "шахтаның үш тоннелінде жарылыс болып, салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты". Оның айтуынша, құрбандардың нақты саны әлі белгісіз.

TOLOnews телеарнасы хабарлағандай, оқиға Дара-э-Суф ауданында болған. Шахтаның құлауына көмір разрезіне іргелес ауылдарда естілген жарылыс себеп болуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы