Ауғанстанда ДАИШ-тің 180 содыры ел билігіне берілді

Алматы, BAQ.KZ. Бейсенбі күні Ауғанстан шығысындағы Нангархар провинциясында ДАИШ содырлары ел билігіне берілді. Бұл туралы осы аймақтың губернаторы Шах Мохаммад Мияхиль мәлімдеді, деп жазды Синхьуа агенттігі.

Оның айтуынша, ДАИШ терраристік ұйымының 180 мүшесі қаруларын тастап, Нангархара провинциясындағы Ұлттық қауіпсіздік директоратына берілген.
Сондай-ақ, Ачин ауданында әрекет еткен содырлар да ел билігіне АК-47 қаруының 94 оқ-дәрісін және ірі калибрлі пулеметті тапсырған.

ДАИШ-пен байланысы бар лаңкестер Ачин мен көрші Назьян аудандарында 2015 жылдан бастап бой көрсете бастаған, содан бері Нангархар провинциясының қауіпсіздік ұйымдарына қарсылық көрсетіп келеді.

Елдің қарулы күштері өткен айдың басынан бері Ачин елдімекенінде ДАИШ содырларына қарсы көлемді операциялар ұйымдастырып, оларды отбасыларымен қоса берілуге мәжбүрлеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы