Ауғанстанда 14 талибтің көзі жойылды

Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстан әуе күштерінің соққысынан 14 талибтің көзі жойылып, тағы 13-і жарақат алды. Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Ауғанстан Ұлттық әскерінің әуе күштері А-29 ұшағымен Багдис провинциясына қарасты Бала-Мургаб ауданында талибтер шоғырланған аумақты атқылады», - делінген хабарламада.

Бір күн бұрын дәл осы мекенде талибтер әскери лагерге шабуыл жасаған болатын. Ол кезде 20-дан астам жауынгер қаза тауып, он шақтысы жарақат алған, сондай-ақ 28 әскериді тұтқындап әкеткен.

Ауғанстан әскери ведомствосы бұған жауап беру әрекеттеріне дайын екендіктерін мәлімдеп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы