Атыс. Пентагон ғимараты қоршауға алынды, бір адам қаза тапқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вашингтондағы Пентагон ғимаратына жақын маңдағы метро станциясының платформасында атыс болып, бір адам қаза тапты.

Бұл туралы ведомствоның күзет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Пентагон транзиттік орталықтағы оқиғаға байланысты қоршауға алынды. Біз көпшіліктен бұл аймақтан аулақ болуды сұраймыз. Толығырақ ақпарат жақын арада болады, - делінген хабарламада.


Пентагондағы Politico басылымының тілшісі Лара Селигманның айтуынша, PFPA шенеунігі (Пентагонның күзет қызметі – ред.) атқышты күзет қызметкері атып өлтірген, ол ғимараттың ішіне кіре алмаған.


Ол тағы бір офицер жараланғанын айтты. Оқиға орны қазір қауіпсіз, бірақ әзірге барлығы ғимарат ішінде қалуы керектігін ескертті.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы