Атыс кезінде зардап шеккен тұрғынның жағдайы ауыр

Кеше түнде Атырау облысы Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында атыс болған. Ересек азаматтар арасындағы түсініспеушілік кесірінен 3 азамат жарақат алыпты. Оққа ұшқан бір тұрғынның жағдайы ауыр. Фактіге қатысты қылмыстық іс тіркелеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл қылмыстың болғаны жайлы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде желдей есті. Кейін оқиғаның болғанын полиция қызметкерлері растады. Атыстың неден туындағаны, ол жерде қанша адамның болғаны әзірге белгісіз. Әйтеуір дәрігерлер 3 азаматтың ауруханаға жеткізілгенін айтты. Қазір бір адам облыс орталығында ем қабылдап жатыр екен. Ол кеуде, мойын тұстарынан оқ жарақатын алыпты. 

Санавиация желісімен шақырту түсті Мақат ауданына. Сол жаққа дәрігер хирург бригадасымен және реанемотолог шығып, үш науқас қаралды. Оның біреуі санавиация желісімен облыстық аураханаға жеткізілді. Таңғы 08:00-шамасында жеткізілді. Науқастың кеуде тұсында, мойнында оқ жарақаты бар. Қазіргі жағдайы тұрақты ауыр. Осы жерде барлық ем жасалып жатыр. Алдымен жансақтау бөліміне түсті, кейін жағдайы тұрақталғасын бөлек шығарылды. Оқтары өміріне қауіп келтіретіндей дене мүшесіне жақын тұрса алынады, егер ондай қауіп жоқ болса алынбайды. Өміріне қауіпті емес қазіргі уақытта,- дейді Облыстық аурухана директорының хирургия жөніндегі орынбасары Дәурен Шанаев.

Полиция департаментінің өкілдері оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайлары анықталатын болады дейді. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысы бар азаматтарды анықтау және ұстау үшін кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу облыстық полиция департаменті басшысының тікелей бақылауында екен. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы