Атырау облысының әкімі аймақтың эпиджағдайымен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Ақпаннан бері өңірге 111 200 доза вакцина жеткізілді. Оның 92 700 дозасы «Спутник-V», 2 000 дозасы «QazCovid-in», 9 500 дозасы «Hayat-Vax», 7000 дозасы «Corona Vac» вакцинасы.

Облыс бойынша барлық талаптарға сай келетін вакцинация салатын 41 екпе пункті ашылды. Бүгінде 69 304 адам вакцинаның I компонентін, 27 569 адам II компонентін алды, - деді аймақ басшысы.
26 мамырдан бастап Атырау облысы «сары» аймақта. Инфекциялық төсектердің жүктемесі 16%-ды құрайды. 
Ем алып жатқан науқастардың саны – 337. Облыс бойынша 12 стационарда 2 098 науқастарға инфекциялық төсек-орын жасақталған. Оның 81-і реанимациялық орын. Қосымша 750 резервтік төсек дайындалды, - деді ол.

Сонымен қатар облыстың 385 субъектісі «Ashyq» қосымшасын енгізіп, QR-кодпен жұмыс істеуде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырау облысы мұнай өндірісін 60 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы