Атыраулықтар әлем чемпиондарына ат мінгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қазан күні Атырауға FIGHT NIGHTS GLOBAL чемпионы Жалғас Жұмағұлов пен М-1 чемпионы Сергей Морозов келді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Қос чемпион "Жайық" спорт кешенінде мұнайлы астанадағы жанкүйерлерімен кездесті. Жүздесу барысында чемпиондар атыраулықтардың қонақжайлығына ризашылықтарын білдірді. 


"Атырауға келген сайын бізді жоғары деңгейде күтіп алады. Бүгінгі кездесуді ұйымдастырып жатқан барша ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Өздеріңіздей бізді қолдайтын ел барда, біздер әрқашан жеңіске жететінімізге сенімдімін", - дейді Сергей Морозов.

Сондай-ақ, кездесу барысында чемпиондар жанкүйерлердің сауалдарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. 


"Менің FIGHT NIGHTS-пен келісім шартым аяқталды. Ендігі кезекте UFC-ге шығуға әркеттеніп жатырмын. Келесі жылы шығып қалуым мүмкін", - дейді Жалғас Жұмағұлов.

Өңірге келген қос чемпионға атыраулықтардың атынан ат мінгізді. 


Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 19 қазан күні Сочи қаласында өткен аралас жекпе-жектен ресейлік Әли Багаудиновпен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. 

Осылайша, өзіне тиесілі Fight Nights Global чемпиондық титулын сақтап қалды. Сонымен қатар, 19 қазан күні Сергей Морозов американдық Джош Реттингхауспен кездесу өткізді. Төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен Сергей М-1 Global титулын қорғап шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы