Атыраулық құтқарушылар мұз астына кеткен әйелді құткарды
10 наурыз күні сағат 21:49-да 101 пульіне Атырау қаласындағы «Элита» мейрамханасының тұсында белгісіз адам суға батып кеткені туралы шақырту түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел кезекші оқиға орнына жеткен кезде, әйелдің жолды қысқарту мақсатында мұз үстімен өтпек болып, кенеттен аяқ асты мұз ойылып, суға батып кеткені анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 1979 жылы туған әйел құтқарылды. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, облыстық ауруханаға жеткізді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 5 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару бойынша өткен тәулік ішінде тіркелген екінші жағдай болатын.
Сонымен қатар, 10 наурыз күні сағат 18:39-да құтқарушылар мұз ойылып, астына түсіп кеткен итті құтқарған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы