Атыраулық полицейлер өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялады

Авторы Алинура Ералықызы 20 Ақпан 2023 ж., 15:33 жарияланған 41 Атыраулық полицейлер өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

18 ақпан күні сағат таңғы 5:00 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жаяу патрульдеу бекетінің қызметкерлері Әлібек Амандық пен Асылхан Бегимов әкімшілік аумақты қадағалау кезінде көпқабатты үйде орналасқан дүкен ішінен түтін шығып жатқандығын байқаған.

 Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары жедел басқару орталығына дереу радиоқабылдағыш арқылы баяндап “101” арнасына хабарлама берген. Мекенжайға дереу жетіп 1-3 қабаты аралығында тұратын пәтер тұрғындарын оятып, қауіпсіз жерге шығарған. Нәтижесінде зардап шеккендер болған жоқ. 

Әкімшілік аумақты жаяу патрульдеу кезінде дүкен ішінен өрт шығып жатқанын байқадық. Дереу аға кезеңдегі рота командиріміз Дәурен Шоқпутов пен взвод командирі Сүйінішбек Тасимовке хабарлап, оқиға орнына жедел жетіп, барлығымыз тұрғындарды оятып эвакуацияладық. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Бастысы барлық тұрғындар аман, зардап шеккен жоқ. Қою түтінді көрген бойда көмектің қажет екенін сезіп, тек құтқаруға кірістік, себебі өрт күшейсе кеш болатын еді, – деді Әлібек Амандық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы