Атыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражат бопсаламақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер 1991, 1996, 1996 және 1998 жылы туған күдіктілерді 2 млн 600 мың теңге алып жатқанда ұстады.

Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 млн-ға жуық ақша қаражатын иемденбек болған.

Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы