Атыраулық полицейлер екі бүлдіршінді аман алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақаттық полицейлер ашық терезеде тұрған 2 бүлдіршінді аман алып қалды.

Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

5 маусым күні сағат 19:00 шамасында 2-3 жас шамасындағы бүлдіршіндердің 2-қабаттағы ашық терезеден қарап тұрғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына барған Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция майоры Тойгожа Азбергенов, полиция аға лейтенанты Ренат Исемгалиев, полиция аға лейтенанты Аслан Мұсаев және Мақат ауданының Қайрат есімді тұрғыны екінші қабаттағы терезеге өрмелеп мініп,  балаларды қауіпсіз жерге шығарды. Пәтер ішінде 2 бүлдіршін жалғыз болған, - делінген хабарламада. 

Ювеналды полиция инспекторлары 1997ж.т., ата-анасының жұмыста болғанын анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы