Атыраулық полицейлер 100 келіге жуық бекіре балығын тәркіледі

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сатып, тасымалдаған Дамбы ауылының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 96,3 кг құрайтын 27 бекіре тұқымдас балықтары тәркіленді. 

ҚР ҚК-тің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы