Атыраулық оқушы Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті

Атыраулық оқушы Аружан Ғалымжан Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Таза Қазақстан" бастамасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысқан болатын. 

Мемлекет басшысына байқау жеңімпазының суреті салынған жейде мен шопер сыйға тартылды. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың жұмыстарына жоғары баға берді. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы