Атыраулық күдіктіден шамамен 600 доза синтектика тәркіленді

"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде мефедронды аса ірі көлемде сатумен айналысқан 24 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Одан тәркіленген есірткінің салмағы 175,74 грамм, ал құны 4 млн теңгеге жуық.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті қамауға алынды.

Полицейлер өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын мәлімдеді,

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы