Атыраулық бағбан биыл 35 тонна лимон жинады

Атыраулық бағбан лимон өсіруді қолға алған болатын. Субтропикалық жеміс жылына екі мәрте өнім береді. Аумағы 2 гектар жылыжайдан биыл 35 тонна лимон жинапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Лимон - табиғатында кірпияз емес. Аңызақ жел мен аптап ыстықтан қорғай білсеңіз, суыққа бой бермейді. Бұл жеміс ағаштары осыдан үш жыл бұрын өскін күйінде егілген болатын.

Бабын тапқан бағбан биыл әр түп ағаштан 80-100 келі өнім жинады. Шаруашылық Махамбет ауданының «Сарайшық» ауылдық округіне қарайды. Бұл-ауыл адамдарын жұмыспен қамтуға оң ықпал етуде. 

Қазір жылыжайда 10 адам еңбек етеді. Оның жартысынан көбі ауыл тұрғындары. Жаңа жыл қарсаңында лимонария өнімі тұтынушы дастарханына жете бастады.

Біздің лимонның сорты «мир»деген сорт. Оны қабығымен жеуге болады. Болашақта осыны көбейтеміз. Тағы 2 гектардай салғымыз келеді. Келесі жылы кірісеміз. Проектісін жасап қойдық. Лимонға көп затрат жоқ. Қыста температура көп керек емес, 2-3 градус болса жарайды. Өсе береді, салқыннан қорықпайды. -2 гардусқа дейін шыдайды, -дейді  шаруашылық жетекшісі Владимир Розметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы