Атыраулық полицейлер үйінде 1 келіге жуық есірткі сақтаған тұрғынды ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраулық полицейлер үйінде 1 келіге жуық есірткі сақтаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде ірі көлемде есірткі сақтау фактісін анықтады.

Құрманғазы ауданының 46 жастағы тұрғыны өзінің тұрғылықты үйінде есірткі шөбін тұтыну үшін кептіріп, заңсыз сақтаған. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде 1 келіге жуық марихуана шөбі, арнайы кесіліп дайындалған ыдыс тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігі бойынша (Ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы