Атыраулық мәдениет қызметкері музыкалық аспаптарды ломбардқа өткізіп жіберген

Алматы, BAQ.KZ.  Атырау облысында мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін мәдениет саласының қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Атырау қаласында «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» КМҚК-ның қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, - делінген хабарламада. 

Бұл қызметкер қызмет бабын пайдалана отырып, жалпы құны 70,9 млн теңге болатын музыкалық аппраттарын иемденіп, ломбардқа өткізген және өз таныстарына төмен бағаға сатқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 50,9 млн теңгені құрайтын келтірілген мүліктік залалдың 70%-ы өтелген. 

Атырау қаласы сотының үкімімен кәсіпорын қызметкері кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы