Атыраулық 93 шәкірт «Елбасы медалімен» марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласындағы 7 білім беру ұйымында және Құрманғазы мен Жылыой ауданында 93 шәкірт «Елбасы медалімен» марапатталды. Аталған жобаға Атырау өңірі бойынша 600-ден аса оқушы мен студенттер қатысты, деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өткен марапаттау рәсіміне облыстық Білім беру басқарма басшысы Сатқан Есенғалиев арнайы барып, марапаттауға қатысты.

Облыстың бас педагогы Сатқан Ыбырайұлы Назарбаев қорының қолдауымен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры іске асырған «Ел үміті» жобасының маңызына тоқталып, жеңімпаздарды құттықтады. Сондай-ақ басқарма басшысы жеңімпаздарға медаль, төсбелгілерді табыс етті.

Осылайша Атырау облысы бойынша «Елбасы медалін» Құрманғазы ауданы Абай атындағы о/м., Қызылқоға ауданы Б.Аманшин ат о/м., Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп- лицей интернаты, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия, Атырау облыстық дарынды балалар мектеп- интернаты, «Білім-Инновация» лицей-интернаты, Назарбаев зияткерлік мектебі, IT мектеп-лицейі, Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей интернаты, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі шәкірттері иеленді.

«Елбасы медалін» иеленген 104 шәкірттің 11-і 2020 жылы марапатталса, қалған 93 қатысушы 30 наурызда өткен салтанатты рәсімге қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы