Атыраулық шаруалар субсидия алу үшін өтініштерін электронды түрде тапсырады

Атырау, BAQ.KZ. Атырау облысында субсидияның автоматтық жүйесі 2019 жылдың 2 тоқсанында енгізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.

Облыс бойынша 2018 жылы 8 бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы құны 1 млрд 607 млн теңгеге 727 шаруашылық субсидияланды. 

«Субсидиялау тәртібі өзгеріп жатыр, 2 тоқсаннан бастап электронды форматқа көшеді. Бұл субсидия алу процесін жеңілдетеді. Жергілікті атқарушы органдар шаруашылық иелеріне жаңа талаптар мен төлем тәртібін түсіндіру қажет. Субсидиялар туралы өтініштер электронды үкімет порталы арқылы беріледі, бұл бірінші кезекте оларды алуды жеңілдетеді, ал екіншіден, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға көмектеседі. Біз өз кезегімізде бұл мәселені үнемі қадағалап отырамыз. Кәсіпкерлерге қажетті қолдау қаражаты уақытылы берілу керек»,- деді Нұрлан Ноғаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы