Атыраулық өрт сөндірушілерге жаңа техникалар табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің өрт сөндіру бөлімдеріне су жаңа 5 көліктің кілті тапсырылды.
Шараға Атырау облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Өмірзахов Сағынбек Сиратұлы, "ӨС және
АҚЖҚ" ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жұманов Абдулкаппар Жақсылықұлы және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсекенов Сейітжан Кисанұлы қатысты.
Сағынбек Сиратұлы өз сөзінде қоғам үшін өрт сөндіру қызметінің аса маңыздылығына тоқталып, Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін қаржының жылдан-жылға өсімі байқалатындығын тілге тиек етті.
Соңғы жылдары Атырау облысы Төтенше жағдайлар гарнизонының материалды-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, бірнеше авариялық-құтқару
жабдықтары мен құтқару техникалары сатып алынды. Оның нәтижесін айта кетсек –2018 жылы "Жол картасы" бағдарламасы арқылы облыстық бюджеттен 11 техника (6 АЦ, 1 жедел-жәрдем көлігі, 1 кинологиялық көлігі, 3 авариялық-құтқару көлігі), 2019 жылы 8 техника (7 АЦ, 1 АСО) сатып алынды.
Сонымен қатар, 2019 жылы Республикалық бюджеттен 8 техника (5 АЦ, 1 жол талғамайтын Трэкол, 2 жедел-қызметтік УАЗ) берілді.
Сондай-ақ, келер жылы облыстық бюджеттен "Жол картасы" бағдарламасы арқылы тағы да 9 техника (7 АЦ, 1 АСА, 1 экскаватор) сатып алу көзделуде.
Облыстық төтенше жағдайлар саласына алынған техникалар мен жарақтар қазіргі таңда халық игілігі жолында адам өмірі мен құнды мүліктерді тілсіз жаудан, әр-түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жолында құтқарушылардың мүлтіксіз қызмет атқару үшін пайдаланылуда, - деді Сағынбек Сиратұлы.
Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін қонақтар жаңа жауынгерлік техниканы қарап шықты.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 2019 жылдың 11 айында облыстың тұрғындарына көмек көрсетуге 1300 ден астам шақыртуларға шығып, 60 адам құтқарған және қауіпті аймақтан 411 адамды көшірген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы өңірімізде төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендер мен келтірілген шығын азайып отыр.
Шара соңында Абдулкапар Жақсылықұлы сөз сөйлеп, әскери техника бөлімшелерінің құрамы жыл сайын толықтырылатындығын атап өтті.