23 Сәуір 2020, 17:25
Атыраулық фермерлер 7 медициналық мекемеге азық-түлік жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымдылық негізінде жергілікті шаруа қожалықтары ауруханаға ет, көкөністер мен жемістер жеткізді, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымдылық негізінде жергілікті шаруа қожалықтары ауруханаға ет, көкөністер мен жемістер жеткізді, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Атырау облыстық фермерлер одағы коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуге шешім қабылдады.
Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкерлердің бірі - медициналық мекемелерге жалпы сомасы 1 млн теңге болатын қой етін жеткізді. Өз кезегінде шаруа қожалықтары жемістер, көкөністер мен сүт өнімдерін әкелді.
Біз фермерлермен бірге картоп, пияз, қырыққабат, алма сияқты бірнеше өнім түрінен азық-түлік жиынтығын жасап, 7 медициналық мекемені анықтадық. Бұл бір рет қана жасалатын ісіміз емес, бұдан әрі де осы бастамамызды жалғастыру жоспарымызда бар. Онымен қоса, көптеген фермер облыстық денсаулық сақтау басқармасына өз ұсыныстарын жолдады. Дәрігерлеріміз қолдаусыз қалмайды, - деді облыстық Фермерлер одағы төрағасының орынбасары Нұртас Байжанов.Дәрігерлердің айтуынша, жергілікті фермерлердің көмегі моральдық қолдау ғана емес, сонымен бірге дұрыс тамақтануға септігін тигізеді. Айта кетейік, азық-түлік жиынтығы - шұбат, қаймақ және жергілікті өндірілген көкөністер секілді жүз пайыз экологиялық өнімдерден тұрады.
- Францияда Apple компаниясына қарсы сот процесі басталады 01:29
- АҚШ 26 жылдан кейін қызылшаны жойған ел мәртебесінен айырылды 00:30
- Зардап шеккендер жоқ: Өскеменде қоғамдық монша өртенді 17.11.2026
- TikTok эфирінде балағат сөз айтқан Семей тұрғыны айыппұл арқалады 17.11.2026
- Қазақстанда электромобильдер саны 43 мыңнан асты 17.11.2026
- Қазақстандық актер Испанияда халықаралық марапатқа ие болды 17.11.2026
- Ауыр атлетикадан ел чемпионатында жаңа жеңімпаз анықталды 17.11.2026