Атыраулық дәрігерлер қант диабетінен сақтанудың жолдарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай атыраулық дәрігерлер одан сақтану жолдарын көрсетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.

  Атырау  облысы бойынша бұл ауруға шалдыққандар саны 9 мыңнан асады. Оның ішінде аталған дерттің 1 типімен  ауыратындар саны  - 549, ал екінші типімен 8940 адам күресуде. 
1 типті қант диабетін алдын алу мыналарды қамтиды:  дұрыс тамақтану, бактериялық және жұқпалы ауруларды уақтылы емдеу, иммунитетті нығайту, жеткілікті қозғалу белсенділігі, егер ата-анасының біреуінде қант диабеті анықталса, балаға аурудың ерте кезеңдерінде диагностикалауды жүргізу маңызды. 2 типті қант диабеті ауруымен шалдықпауына келесі ұсыныстар көмектеседі: қант және қанты бар өнімдерін шектеу; спортпен шұғылдану; салмағын бақылау; темекі және спиртті ішімдіктерден бас тарту. Сондықтан әр адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамай, салауатты өмір салтын сақтап, дәрігерге тексеріліп, қандағы қанттың мөлшері үнемі тексеріп отыруы қажет, - деді Атырау облыстық ауруханасының штаттан тыс эндокринологы, жоғары санатты дәрігер Анна Чичибабина.
 
Айта кетейік, Қант диабетімен күрес күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылы бекіткен. 2007 жылдың 14 қарашасынан бастап жыл сайын аталып өтеді
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы