Атыраулық чемпиондар жанкүйерлерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік мерекесіне орай бокстан екі дүркін әлем чемпиондары Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов атыраулық жанкүйерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атыраулық жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізген чемпиондар, кездесу барысында өздерінің үлкен спортқа қалай келгендіктері туралы баяндады.
Біз алдымызға мақсат қоя білдік. Боксқа әуестігім 12 жасымда басталды.  Маған алдымдағы ағам үлгі болатын. Талмай еңбектенудің арқасында, осындай жетістіктерге жеттік деп ойлаймын, - деді, Мадияр Әшкеев.
Ал, Мейірім Нұрсұлтанов өз кезегінде жас спортшыларға әрбір істі соңына дейін жеткізе білу керек деген кеңес айтты.

Айта кетейік, спортшылар соңғы жарыстарында да жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарденде" өткен Сергей Ковалев пен Игорь Михалкин жекпе-жегінің андеркартында атыраулық боксшылар мінсіз өнер көрсете білді. 

Осыған дейін Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокста 14 рет  жеңіске жеткен. Оның 7-уін нокаутпен ұтқан. Мейірім Нұрсұлтановта өзінің кәсіпқой рингтегі 13 жекпе-жегінде де жеңіске жетіп, 8 жекпе-жекті мерзімнен бұрын аяқтаған. Сонымен қатар, екі спортшы да Америка құрлығының WBC нұсқасы бойынша чемпиондар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы