Атыраулық балықшылар өнімдерін еш кедергісіз экспортқа шығарып жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда екі ай ішінде 3 мың тонна балық ауланған. Оның 2,5 мың тоннадан астамы өңделіп, Ресей, Украина, Әзірбайжан және Израиль елдеріне экспортталған.
Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, өңірде төтенше жағдай болғанымен балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге Каспий теңізіне шығуға, сондай-ақ, өнімдерін өзге елдерге тасымалдап, сатуға рұқсат алынған екен.
Жалпы Атырау облысы балықшылары Жайық, Қиғаш өзендерінің сағалық кеңістігінде және Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік –шығыс бөлігінде балық аулайды.
Биыл балық аулау маусымы 20 ақпанда басталды. Кәсіптік балық аулауға 7434 тонна квота бөлінді. Каспий теңізінен 3190 тонна, Жайық өзенінің сағалық кеңістігінен 2223 тонна, Қиғаш өзенінің сағалық қеңістігінен - 2021 тонна деп бекітілді. Бөлінген квота бойынша 3000 тоннаға жуық балық ауланды, яғни оның 40%-ы игерілді. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін, Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қосымша қойылған шектеулерді орындай отырып, Атырау облысындағы балық шаруашылығы кәсіпорындары көктемгі балық аулау маусымы жалғасты. Атырау қаласы шеңберінде және Каспий теңізінен балық аулайтын кәсіпорындар үшін балық аулауды және тасымалдауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы мекемелерінің балықшылары мен көліктеріне рұқсат берілді, - дейді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.Атырау облысы аумағында 18 балық шаруашылығы кәсіпорындары балық аулаумен және өңдеумен айналысады. Сондай ақ, "Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" мен "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" биылғы балық аулау маусымында Жайық өзенінен 73 дана бекіре тұқымдас балық аулаған. Басқарма басшысының айтуынша, оларды қорын сақтау үшін жасанды әдіспен жас шабақтарды өсіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тапаншасыз жүруге болмайды – Талғат Мұсабаев
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы