11 Қазан 2020 2020, 15:35
Атыраулық азаматқа көршісінің итін өлтіргені үшін айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда сот көршісінің итін айырмен шаншып өлтірген Атырау тұрғынына үкім шығарды, деп хабарлады «Ақ Жайық» газеті.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда сот көршісінің итін айырмен шаншып өлтірген Атырау тұрғынына үкім шығарды, деп хабарлады «Ақ Жайық» газеті.
Сот оны ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі («Жас балалардың көз алдында жануарлардың өліміне әкеп соққан қатыгездік жасау») бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаментінде ер адам өз кінәсін мойындағасын, іс материалдары қысқа мерзім ішінде сотқа жіберілді деп түсіндірді.
Сонымен қатар, жәбірленушінің (иттің иесі) азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылып, келтірілген материалдық залалды сот оның пайдасына өндіріп алды.
- Инфляцияны тежеу үшін ішкі нарық отандық өніммен қамтылады 20:20
- Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі 20:02
- Тоқаев креативті индустрияға қатысты түзетулерді бекітті 19:44
- Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен 90 журналист арнайы жобаға қатысты 19:21
- Отардағы сарбаз ісі: Сержант үндеу жариялады 19:01
- Бал экспорты рекорд жаңартты: 1 477 тонна шетелге жөнелтілді 18:46
- "Бейбітшілік кеңесі": Газаға дипломатиялық жол ашыла ма? 18:22