Атырауға «Спутник V» вакцинасының 3600 дозасы жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңада жеткізілген вакциналар жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
«Спутник V» вакцинасының 3600 дозасы Ақтөбе фармацевтикалық хабынан 2 сәуір күні таңертең жеткізілді. Оны Атырау облысындағы 22 егу пунктіне бөлу жоспарлануда.
Вакциналардың жаңа партиясы жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған. Сондай - ақ, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған азаматтардың сегіз басым санаты бойынша халықты вакцинациялау жалғасады
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Спутник V» екпесінің бірінші компонентімен өңірдің 3600 тұрғыны, екінші компоненті 1556 адамға егілді.
Соңғы тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 311 адам алды. Оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші, 60 медицина қызметкері және 243 педагог бар, - деп нақтылады Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент екі облыс әкіміне бірқатар тапсырма берді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы