Атырауға құс тұмауына қарсы вакцина бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ветеринарлық бақылау комитеті Атырау облысында құс тұмауына қарсы вакцинаның 6,2 мыңнан астам дозасын бөлді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы қызметінен хабарлады.

Маусымда Каспий теңізінде DS-04, DS-01 жасанды аралдар ауданында мыңнан астам шағаланың өлекселері табылды. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықта өлген құсқа зертханалық зерттеулер жүргізілді, оның нәтижелері бойынша екі құстан іріктелген сынамаларда құс тұмауының вирусы анықталды. Осы сынамалар диагнозды қайта растау үшін ХЭБ (Ұлыбритания) референттік зертханасына жіберілді, – делінген хабарламада.

Шұғыл шаралар өткізу (Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан анықталған аса қауіпті) және үй құстары арасында инфекцияның таралуын болдырмау үшін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республикалық қордан жоғары патогенді құс тұмауының қауіп төндіретін аймақтарында барлық құс басын вакцинациялауға 6 291 доза вакцина бөлді және 12 маман жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы