18 Сәуір 2024 2024, 14:51 Фото: Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырауға Боржомидан гуманитарлық көмек барды

Атырауға Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырауға Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Грузия елінің Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек келді,-деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

Өткен жылдың қыркүйек айында Грузияның Боржоми қаласы Атырау қаласымен бауырластық байланыс орнатқан болатын.

Өңірдегі ахуалға байланысты Боржоми муниципалитеті 3 мың бөтелке “Боржоми”минералды суымен гуманитарлық көмек көрсетті.