Атыраудың үш ықшамауданында ипотекаға үй салынып жатыр

Атырауда келесі жылы Талғайраң ауылы, Береке, Самал ықшам аудандарында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиевтің мәліметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша биыл мемлекеттен дайын тұрғын үйдің болмауына байланысты ешкімге пәтер берілген жоқ.

Реновацияға жататын қаладағы 86 көпқабатты ескі тұрғын үй жеке кәсіпкерлерге ұсынылған. Енді олар тұрғындармен келісу керек. Нәтижесі туралы қосымша хабарланады.

Былтыр кезекте тұрған 133 отбасы баспаналы болды, ал 645 отбасы «Шаңырақ» несие бағдарламасы арқылы Береке ықшамауданынан пәтер алды. Биыл Талғайраң ауылы, Самал, Береке ықшамаудандарында «Атырау жастары» несие бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Қазір осы бағдарламаның тәртібі жасақталып жатыр, оның талабы әлеуметтік желіде жарияланады, - деді Р.Жолдиев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы