Атыраудың теміржол компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырау облысындағы теміржол компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп «РТИ-АМӨЗ» ЖШС іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін, монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде, қолдауда монополиялық ережені теріс пайдалану және әртүрлі бағаларды не тең мәнді келісімдерге әртүрлі шарттарды қолдану фактісін анықтады. Сонымен қатар вагондарды беру және жинау, сондай-ақ ағымдағы ағытып жөндеу бойынша жұмыстарды орындау жөніндегі шарттарда олқылықтар анықталды.

Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады. Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «РТИ-АМӨЗ» ЖШС жалпы сомасы 485 млн теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол мемлекет пайдасына толық көлемде төленді, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inbusiness.kz
Өзгелердің жаңалығы