Атыраудан өзге қалаларға қатынайтын рейстер қайта жанданады

Нұр-Астана, BAQ.KZ. ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша ұшулар қайта ашылады.


- "Эйр Астана" 
1. Атырау–Алматы, Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына аптасына 7 рейс;
- "SCAT" 
1. Атырау–Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1-маусымнан бастап – 7 рейспен ұшады. 
2. Атырау – Ақтау бағытында аптасына 7 рейс, ал 1-маусымнан бастап 14 рейс орындайды. 
- "Qazaq Air
1. Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал бағыттарында аптасына 4 рейстен; 
2. Атырау-Шымкент бағытында аптасына 7 рейс жасайды. 
- "Fly Arystan" 

1-ші шілдеден бастап Атырау-Шымкент бағытында аптасына 3 рейс орындайды. Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. 

Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігер бекіткен санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шартында жүзеге асырылады:
- жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар); 
- термометрия, әлеуметтік қашықтықтықты әуе кемесінің бортына отыруға дейін ұстану;
- әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.

Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың көбейетінін ескере отырып, қалалар арасында рейстер санына сұраныс пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып әуе компаниялары анықтайды. 

Осылайша, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайлары ішкі тұрақты рейстер үшін ашылып, ішкі әуе нарығындағы бағыттардың жандануына ықпал етеді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы