Атыраудағы жағдай тұрақты - әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі жағдайдың тұрақталғанын айтты. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Еліміздің бірнеше өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан айдын күннің аманында көптеген азаматымыздан айырылып қалдық. Қасіретті жағдайға байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Еліміздегі қаза тапқандардың отбасына, тума-туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Марқұмдардың жандары пейіштің нұрында шалқысын. Осы оқиғалардан зардап шеккен азаматтардың барлығының тез арада сауығып кетуін тілеймін! - деді Атырау облысының әкімі.
сонымен қатар ол өңірдегі жағдайдың тұрақтанғанын айтты.
Облысымыздағы ахуал тұрақты. Тұрғындарымыз қалыпты тұрмыс-тіршілігін жалғастыруда. Халықтың қажетін өтейтін маңызды нысандар қалыпты режимде жұмыс істеуде. Ендігі әрі мұндай қайғылы оқиға қайталанбағай. Әрдайым жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын! - деді Махамбет Досмұхамбетов.