Атыраудағы үй ішінен үш адамның мәйіті табылды

Атырауда үш адам газбен уланып қайтыс болды – егде жастағы күйеуі мен әйелі және олардың туыстары. Өлімге себеп – ақаулы пеш болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ KTK арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жеке үйде болды. Сол жерден 67 жастағы ерлі-зайыптылар мен 72 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Мамандар оқиға орнында екі күн бойы жұмыс істеп жатыр. Олар бүкіл жылыту жүйесін тексеріп, адамдардың газдан қалай уланғанын анықтауда.

Полиция қылмыстық іс қозғады, оқиғаның нақты себебі бірқатар сараптамалардан кейін жарияланады.

Өлім себептерін әлі анықтау мүмкін емес. Қазіргі уақытта тергеу және жедел шаралар жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, ол себеп-салдарын анықтайды. Қазіргі уақытта үйде газ пешінің ақауы болғанын білеміз, - деді Атырау қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Айбек Құспангалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы