Атыраудағы Теңіз кен орнында алапат өрт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраудағы Теңіз вахталық қалашығынан өрт шықты. Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті растады.
1 наурыз күні сағат 16:40-та Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығында кәсіпорынның ашық алаңында өндірістік тұнба өртеніп жатыр. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәліметінше, 200 шаршы метр аумақ өртенді, – деп түсіндірді ТЖД.
ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 17 қызметкер мен 4 бірлік техника және «COCR» ЖШС-ның 6 қызметкері және 2 техникасы жұмылдырылған.
Құлсары қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жөнелтілді. Құлсарыдан қашықтығы 90 шақырым. Қызметкерлер келген соң қосымша ақпарат нақтыланады, - деп қосты ведомстводағылар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы