Бүгiн 2026, 01:17
Фото: скрин
Атыраудағы саябақта "Қорқыныш бөлмесі" мен карусель өртеніп кетті
Мамандар жалынның жақын маңдағы құрылыстарға таралуына жол бермей, өртті қысқа уақытта толық сөндірді.
Атырау қаласының "Авангард" шағын ауданындағы ойын-сауық саябағында өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Тілендиев көшесінде болған. Жалын ағаштан жасалған "Қорқыныш бөлмесі" мен карусельді шарпыған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар аталған нысандардың толықтай жанып жатқанын анықтады. Өрттің тез таралуына жанғыш материалдардың көп болуы себеп болған.
Мамандар жалынның жақын маңдағы құрылыстарға таралуына жол бермей, өртті қысқа уақытта толық сөндірді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласу қажеттігін еске салды.