Атыраудағы өртті сөндіру үшін Қызылордадан тікұшақ жеткізіледі

Атырауда 50 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өртті сөндіру жұмыстары Атырау облысы ТЖД және "Ақ Жайық" МТР күштері мен құралдарымен жүзеге асырылуда. 

Бүгін өрт ошақтарын сөндіру үшін Қызылорда қаласынан СТҚ-5 су төу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылуда. Сондай-ақ қамыс өртін сөндіруде аумақтың сулы-батпақты болуы қиындық туғызып жатқандығын атап өткен жөн. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы