Атыраудағы мұнай зауыты жұмысын қайтадан бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау мұнай өңдеу зауыты қалыпты жұмыс режиміне оралды.
Технологиялық желілер мен қондырғылар кезең-кезеңмен іске қосылады. Бір күн бұрын өндіріс орнында төтенше жағдай болып, жұмыс тоқтап қалған еді. Қазір электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді. Жақын арада зауыт тұтынушыларға мұнай өнімдерін жөнелтуді жоспарлап отыр.
Зауыт жұмысын қалпына келтіруге тәулік бойы 250-ге жуық жұмысшы тартылды. Қазір бізде 26 мың тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, төрт мың тонна керосин бар. Бензин мен дизель отынын тұтынушыларға жеткізу 5-6 күнге, керосин бір аптаға жетеді, – деді зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда азық-түлік өнімдері шектік бағаға сай емес
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы