Атыраудағы Индербор кентінде жерасты құбырынан су кетті
Алдын ала ақпарат бойынша, судың шығуына бөгет астындағы ескі құбыр себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта суды қауіпсіз аймаққа айдау және бөгет тұрғызу жұмыстары қатар жүруде. Төгу жұмыстарына 30 бірлік техника, 20 су айдау құрылғысы және 300-ден астам адам (ТЖД қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар) жұмылдырылды.
Мәліметтерге сүйенсек, Индербор кентіндегі Жайық өзенінің деңгейі - 1036 см, қауіпті деңгей - 845 см.
Индер ауданы бойынша барлығы 30 шақырым бөгеттер салынды.
Әлеуметтік желіде судың бөгетті жарып өтуі туралы бұрын тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазір оқиға орнында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен ТЖД басшылығы бар, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жұмыстардың жалғасып жатқаны айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында гараж өртке оранды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы