Атыраудағы газ шығатын кен орны бірнеше тәулік өртенді
Атырау облысында жарылыс болып, артынша өртке оранған кен орнындағы өрт екі тәуліктен кейін барып сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысында жарылыс болып, артынша өртке оранған кен орнындағы өрт екі тәуліктен кейін барып сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазМұнайГаз" мәліметінше, 2025 жылғы 8 наурыз күні сағат 16:40-та "Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) "Жылыоймұнайгаз" МГӨБ Батыс Прорва кен орнындағы №437 ұңғымада газ шығуы толықтай тоқтатылды. Ұңғыма тығындалды, "Ақ Берен" ЖШС әскери авариялық-құтқару қызметінің көмегімен ұңғыманың сағасына әмбебап гидравликалық превентор қойылды.
2025 жылдың 6 наурызында Батыс Прорва кен орнындағы консервацияда тұрған №437 ұңғымада перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды (СКҚ) түсіру кезінде газ шығуы орын алды.
Осыған қатысты "Ембімұнайгаз" АҚ жедел штабы құрылып, "Ақ Берен" ЖШС ӘАҚҚ, "Семсер - Өрт сөндіруші" ЖШС, "СОП Атырау» ЖШС мобильді күзет құрылымдары тартылды, – деп жазылған "ҚазМұнайГаз" хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысындағы кен орнында жарылыс болғаны хабарланған болатын.