Атыраудағы базарлардың бірінен өрт шықты

Атырау қаласы, Бейбарыс даңғылы бойындағы базарлардың бірінде киім бутиктерінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметінің алғашқы бөлімшелері келгенде, контейнер түріндегі бутиктер ашық жалынмен жанған және өрттің көршілес сауда нүктелеріне таралу қаупі бар екені анықталды.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында өрттің көршілес сауда орындарына таралуына жол берілмей, 500 ш.м. алаңдағы от қысқа мерзімде сөндірілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, төрт жауынгерлік учаске ұйымдастырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay
Өзгелердің жаңалығы