Атыраудағы балалар ауылында кезекшілік құрылды

Атырау қаласы Талғайраң елді-мекенінде орналасқан Атырау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылын облыс басшылығының жіті назарында, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Шұғыл жағдай орын алса, тәрбиеленушілерді эвакуациялауға дайынбыз. Қазіргі уақытта дабыл сөмкелері дайындалып, эвакуациялау орны белгіленді. Балалар ауылының сыртына 4 м биіктікте бөгет соғылды. Су деңгейінің көтерілуі тұрақталғанша, тәулік бойына жұмыс істейтін арнайы кезекшілік құрылды. Шұғыл жағдайда балаларды таситын екі көлігіміз бар, - деді Атырау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы директорының міндетін атқарушы Қасым Мұқашев.


Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 8 отбасыда 44 бала тәрбиеленіп жатыр. Тәрбиешілер тәулігіне 24 сағат балалар ауылында. Мектеп жасындағы оқушылар Бесікті, Талғайраң, Геолог ауылдарындағы мектептен білім алуда. Балалар ауылында арнайы мамандармен қоса алғанда, барлығы 49 қызметкер бар.
 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы