Атырауда жүргіншілер жолында оқушы қыз қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 желтоқсанда күндізгі уақытта «Сарайшық» коммуналдық базарының маңында Lada Priora көлігінің 20 жасар жүргізушісі 9-сынып оқушысын жүргіншілер өткелінде қағып кетті, деп хабарлады «Ақ Жайық» газеті.
Ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген қыз дәрігерлердің көмегіне қарамастан 22 желтоқсанға ауған түні көз жұмды. Полиция ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
Жыл басынан бері Атырауда жүргіншілер өткелінде 50 адам қағу оқиғасы орын алып, 41 адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы