Атырауда жұмысшылардың жарақатын жасырған дәрігер жауапкершілікке тартылды

Атырау облысында өндірістік жарақат фактілерін жасырған дәрігерлерге шара қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокурорлық тексеріс кезінде еңбек қауіпсіздігі саласында заң бұзушылықтар анықталды.

Медициналық ұйымның қызметкерлерімен 13 өндірістік жарақат фактісі жасырылған. Аталған фактілер бойынша жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау үшін міндетті тергеулер қамтамасыз етілмеген. Өз кезегінде жәбірленушілер өздеріне тиесілі өтемақы алу құқығынан айырылды. Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде Мақат аудандық ауруханасы ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабының 1-бөлігімен (Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы