Атырауда жұмысшылар тамақтан уланып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда газ-химия кешенін салып жатқан «Bazis Construction» ЖШС-нің 23 жұмысшысы тамақтан уланып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады «Экспресс-К».
Олар №2 облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.
Сағат 19:45 шамасында бірден 21 адам ауруханаға жеткізілді. Олардан кейін тағы 2 жұмысшыны мекеме көлігі алып келді. Бәрінің басы ауырып, іші өтіп, құсқан. Сондай-ақ әлсіздік байқалды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді, – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Дәрігерлер науқастарға «тамақ токсикоинфекциясы» диагнозын қойды.
Алдын ала тексеру нәтижесі бойынша, мекеме асханасында санитарлық талаптар сақталмаған. Асхана уақытша жабылып, компанияның өзге 300-ден астам жұмысшысы дәрігерлердің бақылауына алынған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауғанстанда вакцина жетіспей жатыр
Өзгелердің жаңалығы