7 Желтоқсан 2024 2024, 21:45
Фото: Атырау облысы Экология департаменті
Атырауда жүк вагоны аударылып, жерге күкірт төгілді
Атырау облысында вагондар рельстен шығып, салдарынан жерге күкірт шашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысында вагондар рельстен шығып, салдарынан жерге күкірт шашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 7 желтоқсанда Мақат ауданында болған.
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің "ЖТ Атырау бөлімшесі" филиалының Мақат ауданында 4 вагоны жолдан шығып, оның екеуі аударылған. Соның салдарынан ішіндегі күкірт жерге шашылған. Қазіргі кезде жауапты мамандарға вагондарды көтеріп, қалпына келтіруге тапсырма берілген, себебі анықталуда, - деп атап өтті ведомстводан.
Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары оқиға орнына қарау жұмыстарын жүргізіп, сынама алу мақсатында оқиға орнына жолға шыққаны айтылды.