Атырауда жүк көлігі өртеніп кетті

Бүгін Атырау қаласының Қара депо ықшам ауданында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 20 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда, - дейді төтеншеліктер.

Құзырлы ведомство көлік өртенген жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы