Атырауда жолаушылар пойызы тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов облыстағы карантинді ұзарту туралы Қаулыға қол қойды.

Шектеу іс-шаралары 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін енгізіледі.

Қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, ашық ауада медициналық немесе мата маскаларын кию міндетті.

Бұған бес жасқа дейінгі балалар, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайлары және әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, 5 (бес) адамнан аспайтын жеке және топтық спортпен шұғылданатын адамдар жатпайды.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары да тоқтатылатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы