Атырауда жоғалған балалар табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда Ұлттық ұланның сарбаздары жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына табыстады.
Ұлттық гвардияның «Батыс» өңірлік қосбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда кешкі сағат 22:30-да Атырау қалалық Жедел басқару орталығына екі баланың анасы хабарласқан. Олар көрші балалармен ойнауға шыққан перзенттері үйге оралмағанын айтқан.
Жоғалған балалар туралы ақпарат құқық қорғау органдарының барлық жеке құрамына берілді. Қатардағы патруль бастығы Назар Ізбасов пен құрамында патрульдік қатардағы сарбаздар Азамат Исмаилов пен Бекболат Бейсенбаев бар әскери наряд «Жеңіс» саябағының жанында жүрген төрт баланы байқаған. Олар жоғалған балалардың сипаттамасына ұқсас болған. Ал Азамат, Азат, Рауан және Данил есімді балалар ойнап жүріп, үйінен алыстағанын аңғармағанын айтқан, – деп хабарлады қолбасшылықтың баспасөз қызметінен.
Ұлттық ұланның сарбаздары Жедел басқару орталығы арқылы балаларды ата-аналарымен табыстырған. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі әскери міндетін орындау кезінде қырағылық танытқан сарбаздарға №5546 әскери бөлім командирінің алғысы жарияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1065 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы